Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде үйі өртеніп кеткен көпбалалы отбасыға жер берілетін болды

  • AstanaTV
  • 13 наурыз 2019
  • 3346

Ақтөбеде он бес жастағы Ақтілек Аманжолова жанып жатқан үйден анасы мен кішкентай сіңілісін алып шыққан. Жасөспірімнің өзі қазір иістен уланып, ауруханада жатыр. Бірақ, жасөсірімнің бұл батыл әрекетінен арнайы мамандар хабарсыз болып шықты. Оқиғаның мән-жайын әріптесім Бақыт Рахметова баяндайды.    

Көзсіз ерлік жасаған Ақтілек қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын бір қалыпты дейді. Осы аптада ауруханадан шығуы керек. Ол өзінің қалай батылдық танытып, анасы мен бес жастағы сіңілін от ортасынан алып шыққанын түсінбейді.  

Ақтілек АМАНЖОЛОВА, ТҰРҒЫН: 

Сіңілімді шығарғаннан кейін мамам жоқ екенін байқадым. Мамамды шығара алмай жарты сағаттай тұрып қалдым. Мен бір кинодан көріп едім ауыр адамды астына төсек бір нәрсе салып, соны тарту керек екеніндігін. Сосын көтере алмаған соң астына простыня салып, көтеріп алып шықтым.

Төтенше жағдайлар департаментіндегілер бұл жайттан хабарсыз болып шықты. Олар бұл әрекетті куәгерлер растап, мамандар оқиғаның мән-жайын анықтау керек деп отыр.  

Дамир ЕРМАҒАМБЕТОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 

Біздің өрт сөңдіруге барған қызметкерлеріміз ондай ештеңе көрмеген. Егер, қыз бала сондай ерлік жасаған болса, оқиғаның мән-жайын анықтау керекпіз. Бірақ, бізге куәгерлер, дәлел керек. Қазір оқиға орнына арнайы топ жіберіп, көршілерден сұрастырып, анықтаймыз.

Бекмағамбетовтер отбасының алты жыл тұрған саяжайдағы шағын үйі түк қалмай жанып кеткен. Өрт шыққанда үйде төрт баласы мен анасы болған. Анасы екі баланы терезеден шығарып үлгерген. Бірақ, түпкі бөлмедегі қызға жетпей, есінен танып, құлап қалады. Бес жастағы Әсия мен 34 жастағы анасын Ақтілек құтқарған.  

Зейнолла БЕКМАҒАМБЕТОВ, ТҰРҒЫН:  

Үйден ештеңе қалған жоқ қой. Көріп тұрғандай. Аллаға шүкір. Бәріміз тіріміз. Балдар аман, бәріміз аманбыз.

Әкімдіктегілер көпбалалы отбасыға уақытша тұруға пәтер жалдап берген. Киім-кешек, азық-түлікпен көмектесіпті. Енді баспана мәселесін шешуге көмектеспек. Оларға Сазды елді мекеніннен жер телімін кезексіз беріп отыр.   

Б. Рахметова