Қостанайлық дәрігерлер 85 жастағы әжейдің туыстарына іздеу жариялайды. Валентина Зиневич мертігіп, аяғын сындырып алған. Былтыр қазанда ауруханаға түсіпті. Содан бері ем-домын алып, жазылыпты. «Бірақ, туыстары оны алып кетуге асығар емес»,- дейді дәрігерлер. Олар полицейлерге жүгінген. Бірақ, ол да нәтиже бермеген. «Әдетте мұндай жағдайда қарияларды Рудныйдағы қарттар үйіне жіберетін едік. Бірақ, бұл қарияны олар да қабылдамай отыр»,- дейді ақ халаттылар. Өйткені, зейнеткердің барлық құжаттарын ауруханаға келіп жүрген туыстары алып кеткен. Құжаттыры мен банк картасы болмағандықтан аталған мекеме де әжейді қабылдай алмайды.
-Забирать никто не хочет Вас из больницы?
- Нет, им нужен дом, деньги, которые у нас были.
Марал ӘБІЛҚАСЫМОВ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Шығарардан 2 жеті бұрын туыстарына айтқанбыз шығарамыз деп. Ешкім келген жоқ. Құжатттарын туыстары алып кеткен. Наурыз айында 6 ай болады. Не істейтінімізді білмей тұрмыз. Рудныйда үйі бар, куәлігі болса ауыстыратын.
З. Санай