Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлеуметтік нанның қымбаттауына негіз жоқ - Ауыл шаруашылығы министрі

  • AstanaTV
  • 14 наурыз 2019
  • 2802

Әлеуметтік нанның қымбаттауына негіз жоқ. Бүгін Үкіметте брифинг өткізген Ауыл шаруашылығы министрі Сарапхан Омаров осылай деді. Бұл- бірінші сұрыпты ұннан жасалған бір бөлке, 75-78 теңге тұрады. Ал жоғары сұрыптысы 130-150 теңге аралығында. Оның бағасын нарық реттейді. Министрлік өндіруші кәсіпорындарға бағаны көтермеу үшін бөліп келген субсидияны тоқтатқан. Оған жыл сайын 11 мен 15 млрд теңге аралығында қарастырылған. Халық жиі тұтынатын нанның бағасын әкімдіктер бақылап, реттейтін болады.  

Сапархан ОМАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: 

Тұрақтандыру қорлары 3,1 млрд теңге өздерінің ақшасы бар. Егер, олар нан бағасы қымбаттап кетпесін десе, сол жақтан көмектесуге мүмкіндіктері бар.

Бүгінде қорда 10 жарым миллион тонна астық бар. Оның 4 миллион тоннадайы элеваторларда. Шаруашылықтарда 6,3 млн тоннасы сақтаулы. 462 мың тоннасы ұн шығаратын кәсіпорындарда. Ал бидайдың әлемдік нарықтағы бағасы бұған дейін 75 мың теңгеге жетсе, бүгінде тоннасы 65-67 мың теңгеге арзандаған.  

Г. Меңдеева