Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңа Зеландияда екі мешітте атыс болып, 49 адам көз жұмды – «Интерфакс»

  • AstanaTV
  • 15 наурыз 2019
  • 4810

Жаңа Зеландияда екі мешітте атыс болып, 49 адам көз жұмды деп хабарлайды «Интерфакс». Крайстчерч қаласында қарулы топ Әл-Нұр және Линвуд Масджид мешітіне басып кіріп, кіреберісте оқ жаудырады. Қырғын кезінде мешітте 300-дей адам болған. Жергілікті полиция қаскөйлердің бірін қолға түсірді. Ал сыбайластары іздестіріліп жатыр. Құзырлы орындар тұрғындарға үйлерінен шықпауды өтініп, мектептерде сабақ тоқтатылды. Жаңа Зеландияның ақпарат құралдары оқ атқанның бірі австралиялық екенін айтып жатыр. Ол қантөгіс жасар алдында әлеуметтік желі арқылы халыққа қарсы қару қолданатынын айтып, 37 беттік үндеу жариялаған. Шабуыл кезінде көшеде көлік те жарылды.  

Д. Әлімқұл