Русский Сайттың толық нұсқасы

Н. Назарбаев Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

  • AstanaTV
  • 15 наурыз 2019
  • 3004

Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік Арнайы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысы Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның шақыруымен Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімін тамашалады. 14-21 наурыз аралығында өтетін дүбірлі дода - Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдерінің тарихындағы алғашқы спорт сайысы. Оған әлемнің 170-тен астам елінен спорттың 24 түрі бойынша сайысқа түсетін 7500-ден аса спортшы қатысуда. Қазақстаннан үстел теннисі, теннис, дзюдо, суда жүзу, пауэрлифтинг, жеңіл атлетика, волейбол, баскетбол, шағын футбол, гольф, бочче, гимнастика, боулинг, роликпен жүгіру және бадминтон сияқты спорттың 15 түрі бойынша 67 спортшы жарысқа түседі.  

М. Дюсекина