Таразда жарылыс кезінде зардап шеккен бір адам қайтыс болды. Денесінің 50 пайызын күйік шалып, екі аптадан бері жан сақтау бөлімінде жатқан 65 жастағы қала тұрғыны ақыры көз жұмды. Оның өмірін сақтап қалу үшін ақ халаттылар аянбай күрескен.
Әбілсейіт СЫДЫҚОВ, №2 ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ КҮЙІКТЕН ЕМДЕУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
14-ші тәулікте науқастың ағзасында ауа жетіспеушілік болып, соның кесірінен өкпесі мен жүрегінде қысым пайда болып, жүрегі түнгі сағат он бірде тоқтады.
Еске салайық, 27-ші ақпан күні Таразда 9-шы шағын аудандағы көпқабатты үйде жойқын жарылыс болды. 3 адамның денесі үйінді астынан табылды. Тағы 6 тұрғын ауруханаға жеткізілген. Төтенше жайт кезінде отыз пәтердің шаңырағы ортасына түсті. Алды-ала болжам бойынша жарылыс газ құбырындағы ақаудан болған.
Д. Әлімқұл