Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan» партиясының «Халыққа көмек» жобасы жұмысын бастады

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2019
  • 5892

«Nur Otan» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің базасында «Халыққа көмек» жобасы басталды. Мұны партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады. Халықтың өзекті мәселелеріне жедел әрекет ететін орталық керектігін Мемлекет басшысы «Nur Otan»-ның XVIII Съезінде айтқан. Бастаманы билік партиясы мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен және бизнес қауымдастықтармен бірлесіп жүзеге асырады. Көмекке мұқтаж азаматтарға бірыңғай әлеуметтік терезе жүйесінде қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ, олар өтініштерін байланыс орталығына хабарласу арқылы немесе электронды пошта, мессенджерлер мен әлеуметтік желілердің көмегімен жеткізе алады.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Қазір партияның елдің барлық өңірінде 234 қоғамдық қабылдау бөлмесі бар. Онда бірыңғай әлеуметтік терезелер ашылды. Ал оған жете алмайтын ауыл-аймақтардағы тұрғындар бастауыш партия ұйымдарына шағымдана алады. Айта кету керек, біз заң жүзінде араласа алмайтын мәселелер де бар. Мысалы, соттың істі қарауы, құқық қорғау органдарының тергеу іс-шаралары. Бұдан өзге әлеуметтік мәселенің бәрін тыңдап, көмек көрсетуге дайынбыз.

Д. Қайыртай