Русский Сайттың толық нұсқасы

Тобыл өңірінде тасқынға қарсы дайындық жұмыстары басталды

  • AstanaTV
  • 18 наурыз 2019
  • 2603

Биыл Тобыл өңіріндегі тоқсанға жуық елді мекенді су басу қаупі бар. Аймақта тасқынға қарсы тосқауыл жұмыстары басталып кетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Мамандарды трансшекаралық өзендердің жағдайы алаңдатады. Олар Ресей аумағынан келетін су көлемін анықтай алмай отыр. Көрші әріптестері әлі ақпар бермеген.  

Қанат ҚАЙЫПЖАНОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  

Облыс аумағындағы 90-ға жуық елді мекенді су басу қаупі бар. Арасында 100-200 адам тұратын шағын ауылдар бар. Кейбір елді мекендер Арқалық, Амангелді, Жангелді секілді оңтүстік аудандарда орналасқан. Тасқынға қарсы дайындық жұмыстары барлық өңірлер мен аудандарда жүргізіліп жатыр.

Биыл кей жерлерде қардың қалыңдығы өткен жылдармен салыстырғанда екі есе артық. Әсіресе, Арқалық, Амангелді мен Меңдіғара ауданында ақ ұлпа мол түскен. Қауіп төнген аумақтарды штаб қызмткерлері жіті бақылауға алып, келесі апта тікұшақпен барлап қайтуды жоспарлап отыр. «Тасқынға тойтарыс беру шараларына жергілікті қазынадан қажетті қаражат бөлінген. Инерттік материалдар мен жанар-жағар май жеткілікті»,-дейді департамент өкілдері. 

З. Санай