Ресей Президенті Владимир Путин қызметіне жаңа кіріскен әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады. Кремльден Ақордаға жолданған жеделхатта барлық саладағы Қазақстан-Ресей әріптестігі жанданатынына сенім білдірілген. Әрі Путин халықаралық өткір мәселелерді бірлесіп шешуге ниетті екенін жазған.