Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Оtan» партиясы стратегиялық жоспарын іске асыруды жалғастырады

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2019
  • 4063

Ал еліміздегі жетекші саяси ұйым «Нұр Отан» партиясы өзінің стратегиялық жоспарын іске асыруды жалғастырады. Биыл партияның құрылғанына 20 жыл толды. «Отан» деген атаумен Демократиялық және ұлт бірлігі партиясы ретінде құрылды. Сол тұста Қазақстанның либералды қозғалысы және «Қазақстан-2030» даму бағдарламасы бастау алды. Қазір ел бойынша 300-ге жуық филиалы мен 5000-нан аса бастауыш партия ұйымдары бар. Бүгінде «Нұр Отан» партиясының 1 млн 22 188 мүшесі бар. 2000 жылы «Жас Отан» жастар қанаты құрылды. 2005 жылы республика бойынша қоғамдық қабылдаулар ашылды. Қазір саяси ұйымға 164 мың жас мүшелік етеді. 2017 жылы партия модернизацияны бастады. 20 партиялық жоба қолға алынды. Олар білім беру, мүгедектер мен қарттарды қолдау, бизнес пен цифрландыруды дамытуға бағытталған.   

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ең алдымен, қол жеткізген жетістіктерімізді айшықтайтын нақты фактілерге тоқталайын. Еліміздің экономикасы айтарлықтай өсті. Сыртқы сауда айналымының көлемі 9 еседен астам өскен. Қазақстанға шетелден 350 миллиард долларға жақын тікелей инвестиция тартылды. Азаматтарымыздың кірісі 16 есе көбейді. 141 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Бүкіл елімізде әлеуметтік маңызы зор инфрақұрылым нысандары бой көтерді. 1 400 заманауи аурухана, емханалар мен амбулаториялар, 2 865 жаңа мектеп, колледждер мен балабақшалар ашылды. Бұл бұрын соңды болмаған мәселелер еді. Мұның бәрі - бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің нәтижесі. «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің де еңбегі бар.

Бұдан бөлек партияның 18-ші съезінде айтылған бастамалар да кезең-кезеңімен жүзеге асады. «Бақуатты қоғам: онжылдықтың он мақсаты» партия бағдарламасы аясында 4 ірі жоба негізге алынған. Әлеуметтің әл-ауқатын жақсартуға елде алғаш рет Ұлттық қордан 1 трлн 350 млрд, бюджеттен 2 триллион теңге бөлінеді.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:  

За перспективами будущего мы не должны забывать о текущих задачах. Наш главный приоритет - это обеспечение уровня жизни граждан и развитие Казахстана, как социально-ориентированного государства. Даже в самые сложные периоды мы выполняли свои социальные обязательства. Уровень социальных расходов в стране всегда был высокий, и в дальнейшем он будет последовательно расти. В рамках различных программ, проектов и инициатив нами осуществляются масштабные социальные инвестиции.

А. Бектас