Русский Сайттың толық нұсқасы

Тарихи сәт пен еліміз үшін маңызды, өтпелі кезеңде халқымыз бірлік пен ынтымақтастықта болуы тиіс – М. Әшімбаев

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2019
  • 3378

Тарихи сәт пен еліміз үшін маңызды, өтпелі кезеңде халқымыз бірлік пен ынтымақтастықта болуы тиіс. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Фейсбуктегі парақшасында жариялады. Ол Нұрсұлтан Назарбаев Президент өкілеттігін тоқтатқанда барлық қазақстандықтар сияқты аралас күй кешкенін жазды. «Бір жағынан өкініш болса, екінші жағынан Президенттің ерлігі мен данышпандығына құрметім арта түсті»,- деді. Әрі бұл шешімін құрметтеуге шақырды. Мәулен Әшімбаев Тұңғыш Президенттің Тәуелсіздігіміз бен Ұлы ата-бабамыздың жерін, мәңгілік ел халқын, елдегі достық пен бейтішлікті сақтауды жас ұрпаққа тапсыруы барлығымызға жүктелген жауапкершілік екенін айтты.  

«Бүгінгі тарихи сәтте халқымыз бірлік пен ынтымақта болуы тиіс. Бізді алда еліміздің дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған көптеген міндеттерді жүзеге асыру күтіп тұр. Барлық қазақстандықтарды бірлік пен келісімге шақырамыз. Өз күшіміз бен әрекетімізге сүйеніп, бұл кезеңнен бірге өтуіміз керек. Қазақстандық жолдың жалғастығы мен Отанымыздың әрі қарай гүлденуі - өзімізге байланысты».  

Н. Біләл