Русский Сайттың толық нұсқасы

«Nur Otan» партиясының мүшелері Астанадағы балалар үйіне барды

  • AstanaTV
  • 20 наурыз 2019
  • 2409

«Nur Otan» партиясының мүшелері Астанадағы балалар үйінде көктем мерекесін ұйымдастырды. Әз-Наурыз қарсаңында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға тәттілер таратып, мерекемен құттықтады. Қазір мұнда 4 жасқа толмаған 63 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Былтыр 150-ге жуық бала жаңа отбасының қамқорлығына берілген.  

Ерсайын ОСПАНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Съезде партия төрағасы берген тапсырмаларға сәйкес біз жаңа жобаларды іске асырып жатырмыз. Солардың бірі - отбасы институтын қалыптастыруға бағытталған «Бақытты отбасы» жобасы. Бұл қиын жағдайға тап болған, аз қамтылған жанұяларға көмек қолын созуды мақсат етті.

А. Бектас