Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр-Сұлтан» атауын алматылықтар мен қостанайлық жастар қолдайды

  • AstanaTV
  • 21 наурыз 2019
  • 5596

Елге еңбегі сіңген адамды өз заманында бағалай білу керек. Белгілі тарихшы, рухани жаңғыру және гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі Хангелді Әбжанов, Астананың Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне қатысты осындай пікір білдірді.  

Хангелді ӘБЖАНОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Біз тәуелсіздік деген баға жетпес байлықтың құдіретін, қасиетін жасампаз күшін сол кісінің басшылығымен жүзеге асырған елміз. Ал енді ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа жеткенде оның мүмкіндігін, бар екенін көрсеткен тұлғаға атын беру меніңше артықтық етпейді. Бұл тарихи дәуірдің үлкен бір оқиғаның куәсіндей шешім.

Қостанайлық жастар да Елорданың Нұр-Сұлтан деп аталуына қолдау білдіріп отыр. Егемен еліміздің қалыптасып, өсіп-өркендеуіне ерен еңбек сіңірген Тұңғыш Президентіміз бұл құрметке әбден лайық деп біледі.

Жұпар ҚОЖАХМЕТ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕКТОР ЖЕТЕКШІСІ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Жастар атынан біздің бүгінгі азды-көпті жетістіктеріміз Елбасының салиқалы саясатының жемісі деп білемін.

Т. Оспанбаева