Русский Сайттың толық нұсқасы

Тимур Сүлейменов Президент көмекшісі болып тағайындалды

  • AstanaTV
  • 22 наурыз 2019
  • 3574

Президенттің жаңа көмекшісі тағайындалды. 2016 жылдан бері Ұлттық экономика министрі болып, 2 наурызда ғана Ұлттық банк басқарма төрағасының орынбасары болған Тимур Сүлейменов Астанаға қайтып оралатын болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 40 жастағы шенеунік Ақордада қызмет етеді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.  

Г. Меңдеева