Русский Сайттың толық нұсқасы

Елорда атауының өзгеруі жайлы Әділет министрлігі заң тұрғысынан түсінік берді

  • AstanaTV
  • 22 наурыз 2019
  • 6611

Елорда атауының өзгеруі жайлы Әділет министрлігі заң тұрғысынан түсінік берді. Хабарлама министрліктің ресми сайтында жарияланды. Қазақстанның елордасы - Астана қаласы болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабында белгіленген. Конституцияға өзгертулерді Парламент Конституцияның 53-бабы негізінде енгізе алады. Яғни, Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Президенттің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқылы. Конституциялық кеңес мүшелері қала атауын өзгертуге қатысты Ата заңда көрсетілген талаптар мен процедуралар сақталды деп отыр.  

Шапак УНЗИЛА, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

ҚР Примьер-министрі ұсынған заң жобасында Қазақстанның Астана қаласының атауын өзгерту туралы, референдум жасау туралы заң жоба ұсынылған болатын Президентке. Мына жерде тағы мынандай сұрақ туындайды Үкімет мұндай заң жоба ұсынуға құқығы бар ма, жоқ па? Бұл жерде даулы мәселелер туындап, елдер талқылап жүр. Иә, Президенттің өкілеттілігін уақытша алған адамның ондай заңнама жасауға құқығы жоқ. Бірақ, Үкімет, Парламент ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтылулар енгізу туралы заң жобасын ұсыну мүмкіндігі Конституцияда белгіленген.

Иоган МЕРКЕЛЬ, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ:

Конституция бойынша Президент өкілеттілігін өзіне қабылдаған тұлға заң жобасын ұсынуға құқығы жоқ, бұл заңды Президент Тоқаев енгізген де жоқ. Аталған заң жобасын Үкімет парламентке ұсынды. Сондықтан да бұл мәселе бойынша барлығы заң шеңберінде болды. Ал заң жобасын референдум арқылы қабылдау немесе парламентке жолдау құзыреті Президентке берілген.

Ал Конституцияға түзетулер республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін. Ата заңда референдум өткізу туралы бастама құқығы Парламент немесе Үкіметке берілгені жазылған. Ал референдум өткізу туралы немесе одан бас тарту туралы шешімді Президент қабылдайды. Егер, Президент оны Парламенттің қарауына беру қажет деп ұйғарса, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулардың жобасы республикалық референдумға шығарылмайды.

Н. Біләл