Астанада жаңа қала атауын қолдауға қатысты әлеуметтік желіде акция басталды. Оны Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырды. Мақсат - барлық қазақстандықтарды ортақ идея аясында біріктіру. Акцияға қатысу үшін әлеуметтік желіге қала фонында түскен суретті салып, #БіздіңАстанамызНұрсұлтан хэштегін жазу керек. Сонымен бірге Нұр-Сұлтан деген қала атауын неліктен қолдайтыныңыз жөнінде пікір біліресіз. Елорда жастары барша замандастарын осы идея аясында бірігуге шақырады.
Ақылбек ДАНАБЕКҰЛЫ, С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАТУ ЖАСТАР ІСІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Елбасымыздың жолын жалғастырып, әрі қарай еліміздің дамуына, өркендеуіне үлесімізді қосып, осы Нұр-Сұлтан атауын қолдайық. Онда тұрған ештеме жоқ деп ойлаймын. Бұл алдыға қарай дамудың септігі сияқты. Жаңа бір тың күшке ие болуға.
Жастардың пікірінше «Нұрсұлтан» атауында қазақ үшін қадірлі үлкен екі мағына бар. «Нұр» - шуақтың, жарқын өмірдің белгісі. Ал «Сұлтан» - билеуші, жетекші мағынасын білдіреді.
Айгерім КӨКЕЕВА, «А14» ЖАСТАР ІСІ ҰЙЫМДАРЫ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:
Есімге көп байланысты ғой. Мысалы, сәби де туған да біз оны ойланып, толғанып қоямыз. Сондықтан Астана қаласын Нұрсұлтан деп қойса, оның үстіне нұр болып, біздің Елбасымыз қандай дара, дана, ақылды болса, сондай болсын. Ал оның тұрғындары Президентіміз сияқты болсын деген ниетпен мен «Нұрсұлтан» болып ауысуын қолдаймын.
Алматыдағы еңбек ұжымдары да Елорданың жаңа атауын жылы қабылдап жатыр. «Ақсай нан» комбинатының жұмысшылары шағын аймақтық қаланы әлемдік деңгейдегі мегаполиске айналдырған Елбасын ерекше бағалауға болады дейді.
Айбек ӘЛДИБЕК, «АҚСАЙ – НАН» ЖШС ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:
Елбасы бұл мәртебеге әбден лайық, шағын ғана қалашықты үлкен мегаполиске айналдырды. Ол Астананы бүкіл әлемге танытты, осы қала арқылы қазақ ұлтының рухын асқақтатты, бүгінде Астана Қазақстанның ғана емес, Еуразия кіндігіне айналды.
А. Сейфулла