Русский Сайттың толық нұсқасы

Жасотандықтар донор атанды

  • AstanaTV
  • 01 қараша 2017
  • 2961

Ақтөбе облыстық «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері мұқтаж жандар үшін қан тапсырды. «Көмек қолын соз» акциясы аясында ұйымдастырылған шара барысында 35 ерікті жас донор атанды. Облыстық қан орталығы мамандарының айтуынша, жыл басынан бері 6 мыңдай донордан 5 мың литр қан жиналған. Ол көптеген науқастардың өмірін сақтауға сеп болуда. Бүгін алғаш рет донор атанған жастар мұнда жиі келіп, қан тапсырып тұруға ниетті.