Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана атауының ауысуына орай елордада мерекелік концерт өтті

  • AstanaTV
  • 25 наурыз 2019
  • 4200

Ал астана атауының ауысуына орай елордада мерекелік концерт өтті. Шараға эстрада жұлдыздары мен қала тұрғындары қатысты. Мұндай қолдау шаралары өзге өңірлерде де өтті. Әлішер Өмірзақ толғырақ баяндайды.  

«Нұр-Сұлтан» жаңа бренд. Ол қаланың дамуына тың серпін береді. Шаһар тұрғындары мен белсенділер ойы осыған тоғысады. Танымал тұлғалар мен әншілер алаңға арнайы келіп, қаланың жаңа атауына қатысты өз ойларымен бөлісті.  

Айболат СЕКСЕМБАЕВ, Қ. ҚУАНЫШБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Нұр-Сұлтан қаласына өзгеруі Астананың жаңаша дамуына, жаңаша бір қарқында өсуіне үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын. 

Ляззат КҮНГЕБАЕВА, БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ: 

Тұңғыш Президентіміздің Қазақстанға қосқан үлесі өте зор. Әрдайым спортшыларды да қолдап жүреді. Сол тұңғыш президентіміздің арқасында қаншама олимпиада, әлем чепиондары шығып жатыр. Біз әрдайым қолдаймыз.

Нұр-Сұлтан қаласының құрметіне арналған концерт Қызылжарда жалғасты. Жергілікті әншілер өнер сүйер қауым патриоттық әндерді шырқады. Орталық алаңда өткен мерекелік шараға көбінесе жастар жиылды. Олар Елордамызға Нұр-Сұлтан атауы берілгенін қуана қарсы алып отыр.

Абылайхан ҚАЙРОЛЛАЕВ, «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫ СҚОФ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазір спорт және мәдениет саласында Астана деген брендті әлемнің барша мемлекеттері біледі. Ал қазіргі Нұр-Сұлтан деген жаңа бренд барша мемлекетке, халыққа жақсы сіңіп, тез тарап кетеді. Сол брендтің арқасында біз Қазақстанның атағын үлкен белестерден көрсетеміз деген ойдамын.

«Елордамыз-Нұр-Сұлтан» атты Атырауда өткен мерекелік концертте Тамара Асар, Айгүл Елшібаева, Ақылбек Жеменейлер өнер көрсетті.  

Нұрлыбек ОЖАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АТЫРАУ ОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Әрине, Тұңғыш Президентіміз жалпы өзінің беделімен ұлы даланың құдіретін әлем биіктігіне көтерген бірлікті, ынтымақты, тұрақтылықты берік ұстанғаан Елбасымыздың жасаған жетістіктері, Тұңғыш Президентіміздің басқаруындағы саяси, әлеуметтік, экономикалық жетістіктер, барлық төрткүл дүниені таң қалдырды, дүбірлетті.

Ел дамуына 30 жыл ғұмырын арнаған Елбасы еңбегі ешқашан да ұмытылмайды. Елорданың жаңа атауы жас астананың қарқынды дамып, танымал болуына ықпал етеді деп сенеміз.

Ә. Өмірзақ