Русский Сайттың толық нұсқасы

Тайландта 600-ге жуық қазақстандық жүр

  • AstanaTV
  • 25 наурыз 2019
  • 3481

Ал, Тайландта қауіпті аумақта шамамен 600-ге жуық қазақстандық туристер жүр. Бұл туралы қауымдастық төрайымы Рашида Шәйкенова айтты. Оның дерегінше, отандастырымыздың басым бөлігі Пхукет, Паттая және Краби қалаларында. 

Рашида ШӘЙКЕНОВА, ҚАЗАҚСТАН ТУРИСТТІК ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Болжам бойынша шамамен 600-ге жуық Қазақстан азаматы Тайландта демалып жатыр. Мерекені пайдаланып 10 күндік сапарға аттанғандар өте көп. 24 сағат ішінде ешқандай төтенше оқиға болмаса, қауіп сейіледі деп отырмыз.

Еске салайық, 23-ші наурызда Андаман аралында 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Ізінше Тайландтың Пхукет провинциясынан 630 шақырым жерде жер тербелісі қайталанды. Цунами болады деп, алаңдаушылық білдірген Тайланд билігі 6 бірдей қалада қауіп-қатер жоғары екенін ескертті. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі де қазақстандықтарға елшілікке хабарласу жөнінде ескерту жасап жатыр.

О. Нұржақып