Қазақстанның футбол құрамасы «Еуро-2020» чемпионатына іріктеу кезеңінде Ресейге есе жіберді. «Астана Арена» стадионында өткен ойын 0:4 есебімен аяқталды. 30 мың жанкүйермен бірге «К» тобының екінші тур матчына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та келді. Өз командамызға болысуға Премьер-министр Асқар Мамин, Президент әкімшілігінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаев, Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбековте келген еді. Алайда, құрма ойыншылары көптің үмітін ақтаған жоқ. Ресейліктерден ойсырай жеңілді.
Ә. Өмірзақ