Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәнерлеп сырғанаушы Э. Тұрсынбаева Жапонияда өткен әлем чемпионатында Д. Теннің құрметіне өнер көрсетті

  • AstanaTV
  • 25 наурыз 2019
  • 3209

Мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Жапонияда өткен әлем чемпионатында Денис Теннің құрметіне өнер көрсетті. Мұз айдындағы шоуды Лара Фабианның «Адажио» композициясы сүйемелдеді. Ал экрандарда былтыр кісі қолынан қаза тапқан қазақстандық спортшының фотолары көрсетілді. Тұрсынбаеваның әкесі журналистермен сұхбатында қос сырғанаушы жақын араласқанын айтқан. Естеріңізге салайық, жерлесіміз Элизабет Тұрсынбаева Жапонияның Сайтама қаласында өткен чемпионатта күміс медаль жүлдегері атанды. Ол мәнерлеп сырғанау тарихында алғаш рет төрттік сальхов элементін орындап, сенсация жасады.  

Д. Қайыртай