Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тың Голан биіктіктерін Израильге тәуелді деп мойындауы Вашингтонды күллі арабтардың жауы етті-Сирия

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2019
  • 3971

АҚШ-тың Голан биіктіктерін Израильге тиесілі деп мойындауы Вашингтонды күллі арабтардың жауы етті. Араб Сирия Республикасының сыртқы істер министрі Дональд Трамптың декларацияға қол қоюына қатысты осылай үн қатты. Муаллем Валид: «Голан биіктіктері күшпен қосылған Сирия аумағы және бұл деректі ешкім өзгерте алмайтынын» мәлімеді. Жақында Ақ Үйде Президент декларациясына қол қою рәсімі өтті. Оған Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қатысқан. Еске салайық, 1967 жылы Израиль әскері Сирия аумағындағы Голан бөктерін алты күн айқасып басып алған болатын. Бірақ, оған ешкім араша түспеді. Тіпті, Біріккен ұлттар ұйымы да үнсіз қалған. Ал АҚШ Президенті бұрын-соңды болмаған шешім шығарды. 

Башар ДЖААФАРИ, БҰҰ СИРИЯДАҒЫ ТҰРАҰТЫ ӨКІЛІ: 

Халықаралық құқық, біріккен ұлттар ұйымы жарғысы айқын бұзылып, халықаралық қатынастарға сызат түсті. Біз Голанды кез келен заңмен қайтаруға тіпті күшпен қайтаруға қақылымыз. Өйткені, өзге таңдау қалған жоқ. Бұл біздің міндетіміз. Сирия Голаны 1967 басып алынғаны анық және біз Трамп мырза мен оның әкімшілігі шешімді қайта қарастыратын сәтін де күтпейміз.

З. Санай