Русский Сайттың толық нұсқасы

Венесуэлада тағы қара түнек орнады

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2019
  • 3721

Венесуэлада тағы қара түнек орнады. Елдің басым бөлігінде жарық жоқ. Президент сарайы мен министрліктер ғимараты электр қуатынсыз отыр. Каракастағы метро да жұмысын тоқтатты. Соңғы бір айда Венесуэлада екінші рет жарық жаппай сөндірілді. Бұл туралы «Рейтерс» агенттігі хабарлайды. Әзірге не мемлекеттік электроэнергетикалық компания, не Ақпарат министрлігі ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Соңғы рет мұндай жағдай наурыздың жетісінде болған. Ол кезде Венесуэладағы ең үлкен Су электр стансасында апат болып, елде төтенше жағдай жарияланған еді. Сонда мемлекет басшысы Николас Мадуро бәріне кінәлі Дональд Трамп деген болатын.  

Бетти ГОНСАЛЕС, КАРАКАС ТҰРҒЫНЫ: 

Мұнайға, ақшаға бай мемлекетте адамдар аштан қатып жатыр. Елде ешқандай жағдай жасалмаған. Ақша тоналды, мұнай сатылды. Енді жарық та жоқ.

Д. Қайыртай