Русский Сайттың толық нұсқасы

Жастар «Елбасы жолымен» атты виртуалды жоба әзірлеуді ұсынды

  • AstanaTV
  • 26 наурыз 2019
  • 2757

«Елбасы жолымен». «Нұр Отан» партиясының жанындағы Жастар қоғамдық кеңесінің отырысында еңбекші жастардың өкілі Төлеген Күнәділов осындай жоба әзірлеуді ұсынды. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір белестерін виртуалды түрде көруге мүмкіндік жасалмақ. Айтуынша, бұл тек тұжырымдама ғана. Нақты жолдары әлі ойластырылып жатқан көрінеді.  

Төлеген КҮНӘДІЛОВ, ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ «КЕЛЕШЕК» ЖАСТАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Бүкіл өміріндегі сәттерді 3Д немесе 5Д форматында, цифрлық технологиялар арқылы, әрбір жобаға қатысушы өзі арқылы, өзі сол жерге қатысу арқылы сезініп сонымен бүкіл эмоциялық тұрғыдан қандай қиыншылықтар болды, қандай кедергілер, қандай шаралар қолданды, соны өзі арқылы көріп, сезініп өте алады.

Ал мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен жастарға үндеу жолдады. Өз сөзінде өскелең ұрпақ алдыңғы буын өкілдерінің еңбегін жалғастырып, мемлекеттің одан әрі дамуына бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты. Сондай-ақ, астанаға Тұңғыш Президент есімі берілуін қолдайтынын жеткізді.  

Бақтияр МӘКЕН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Біз елорда атауының ҚР Тұңғыш президенті-Елбасы Нұрсұлтан назарбаевтың құрметіне өзгерту туралы Парламент шешімін, Президенттің жарлығын қолдаймыз. Біздің бір елбасымыз, бір еліміз, бір халқымыз, бір тағдырымыз бар. Біз Елбасының жас жақтастары ретінде жас қазақстандықтардың, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президентінің айқындаған стратегиялық бағыттарына қолдау көрсетуге, бірлік, татулық пен келісім танытуға шақырамыз.

Д. Қайыртай