Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада кеше апатқа ұшыраған автобустың үш жолаушысы жансақтау бөлімінде жатыр

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2019
  • 3412

Астанада кеше апатқа ұшыраған автобустың үш жолаушысы жансақтау бөлімінде жатыр. Сондай-ақ, дәрігерлер ауыр жараланған бір әйелдің аяғын кесуге мәжбүр болды. Бұл туралы №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Иван Ли айтты. Бүгін Нұр-қала әкімі Бақыт Сұлтанов пен денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ауруханаға барып, апаттан зардап шеккендердің халін сұрады. Толығырақ, Әлішер Өмірзақ жалғастырады.  

Ертең туған күнін тойлуы тиіс Самал Әбділдақызы аурухана кереуетіне таңылған. Ол 301-ші автобусқа соңғы аядамада мінген. Әрі қарай, не болғанын қорқынышпен еске алады.  

Самал ӘБДІЛДАҚЫЗЫ, ЗАРДАП ШЕГУШІ: 

301 автобустың алдыңғы жағында тұрдық. Бір кезде қарап қалсам водитель қатты келе жатыр екен. Сосын айттық шыңғырып, бәріміз айқайладық. Бірақ, водительдің реакциясы болған жоқ, ол кісі өзі ауырып келе жатты ғой деймін. Оның тормозы ұстамай қалуы болмады-ау деймін. Ауырмаса тормыз басылмай жатқанда айқайлап, даусын шығаруы керек қой. Вообще үні шыққан жоқ, даусы шыққан жоқ.

Ал Өскеменнен емделемін деп келген Дариға Жазықпаева да ауруханадан бірақ шықты. Көршілес палатада жатқан сіңілісіне баруға шамасы жоқ. Дәрігерлер оған омыртқасы сынғанын айтады. 

Дариға ЖАЗЫҚПАЕВА, ЗАРДАП ШЕГУШІ: 

Мен Өскеменнен келдім, больницаға. Нейрохирургияға. Басымды қаратуға. Бәрін өткем, енді врачқа кетіп бара жатқам. Сол автобуста соғылып, білмей қалдым не болғанын. Перелом менде позвоночника және қабырғам сынған.

Кеше түскен пациенттердің басым бөлігі үйге жіберілді. Дәрігерлер ауыр жараланған бір әйелдің аяғын кесуге мәжбүр болған. Сондай-ақ, Филипиннен Қазақстанға жұмыс істеуге келген азаматша да ауыр халде. Қазір дәрігерлер оның іштен қан кетуін тоқтатуға тырысып жатыр.   

Иван ЛИ, №2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: 

13 человек которые к нам поступили это были тяжело больные, которых мы госпитализировали. Из них 5 человек мы вчера где-то до 8-9 вечера оперировали. Первичную хирургическую помощь оказали. То есть это репозиция, ампутация конечности, репозиция открытых переломов.. Это все сделали.

1 апта көлемінде тағы бірнеше науқас шығарылады. Көбісі автобустан шошып қалған. Ал қоғамдық көлікті сақтандыру компаниялары сұқбат беруге құлықсыз.  

Ә. Өмірзақ