Русский Сайттың толық нұсқасы

Тікұшақ апатқа ұшырады

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2019
  • 4684

Қызылорда облысында тікұшақ апатынан қаз тапқандардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев твиттер парақшасына осылай деп жазды. Және ол марқұмдардың туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты. Бақилық болғандардың ең жасы 28-де. Ал Қорғаныс министрлігі әкерилердің отабасыларына 5 млн-нан 14 млн теңге аралығында материалдық көмек беріледі дейді. Нұрсұлтан Біләл толықтырады. 

Қаралы бортта оралдық әскери қызметші Сырым Мәсәлім де боған. 29 жастағы жігіт Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданының тумасы. Әкесі Мәлкейдің сөзінше, ол бала кезінен әскери болуды армандапты. Мектеп бітірген соң, Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері институтына оқуға түседі. Кейін Ақтаудағы әскери бөлімге қызметке орналасқан. Сонда үйленіп, отбасын құрады. Марқұм әкесіне жан тапсырар алдында бірнеше сағат бұрын ғана хабарласқан екен. 

Мәлкей ИМАНҒАЛИЕВ, СЫРЫМ МӘСӘЛІМНЫҢ ӘКЕСІ:

Кеше сағат екі жарымда маған звондады өзі: «Қызылордаға келдім, жақсы, папа, біз кетіп бара жатырмыз»,-деді. Екі жарымдарда звондады, мамасына төрттерде звондады: «Ұшып бара жатырмыз»,- деп. Содан кейін түнде Атыраудан келін звондады: «Осындай жағдай болып қалды»,-деп. Жоқ деуге әлі сенбей отырмын соған.

Соңғы 3 жылда елімізде 2 тікұшақ апаты тіркелді. 2017 жылы Аягөзде бір адам көз жұмды. 2019 жылды қаңтар айында Алматы қаласында жекеменшік тікұшақ құлап салдарынан ұшқыш қаза тапқан еді. Көршілес Ресейде МИ-8 соңғы 4 жылда 12 рет құлап, 82 адам қаза тапқан. Оның сегізі тех.ақау, екеуі ауа-райы қолайсыздығы, тағы екеуі экипаж мүшелерінің қателегінен болған. Алдын ала болжам бойынша кешегі апат қолайсыз ауа-райы кесірінен дейді. Дегенмен, авиация генерал-лейтенанты Талғат Мұсабаев өз пікрін білдірді. 

ТАЛҒАТ МҰСАБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: 

Мен ұшқыш ретінде айтайын, бұл өте ауыр жағдай. Төтенше жағдай кезінде ұшақты басұару қалай қиын екенін білем. Экипаж қолдан келгенін істеген шығар, техниканың аты техника. Мұндайда жағдайда, бәрі экипажға ғана байланысты емес.

Қазіргі уақытта әуе апатының себеп-салдарын тергеп-тексеру жұмыстары басталып, қылмыстық іс те қозғалды. Оқиға орнында қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы жұмыс істеп жатыр. 

Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ: 

Авиа апаттың себептері мен мән-жайын тергеп тексеру басталды. Оқиға орнына ҚМ-ң арнайы коммисиясы оқиға орынан тез арада жіберілді. Болашақта осындай оқиғаларға жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады. ҚМ-ның ұжымы қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көніл айтады.

Қорғаныс министрлігі арнамызға берген сұхбатында қаза тапқандардың отбасына жалпы 110 млн теңге көлемінде материалдық көмек берілетінін айтты. 

Төлеген ҚҰСМАНОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: 

Біз қазір тек қана төленетін материалдық көмекті ғана есептеп жатырмыз, где то 110 млн-дай қаражат жұмсалады. Әрбір отбасына олардың лауазымына байланысты где то 5 млннан 14 млнға дейін қаражат төленетін болады.

Еске салайық, кеше кешкісін Қызылорда облысы Жалағаш ауданында МИ-8 әскери тікұшағы апатқа ұшырап, бортта болған 13 адам түгел қаза тапты. Тікұшақ «Алтын жебе» атты арнайы бөлімдердің оқу-жаттығуы аясында Ақтаудан Шымкентке аттанған. дәлірек айтсақ әскери оқу-жаттығу барысында алдын-ала белгіленген маршрут Ақтау-Бейнеу-Крайний ал соңғы нүкте Шымкент қаласы болған. Оқиға орнына жеткен құтқарушыларда дәрменсіз күй кешкендерін айтады. Қорғаныс министрлігі мән-жай анықталғанша МИ-8 тікұшақтарына көкке көтерілуге тыйым салды. 

Н. Біләл