Русский Сайттың толық нұсқасы

Араб инвесторлары IPO-ға шығатын Ұлттық компания акцияларына қызығушылық білдірді

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2019
  • 3146

Араб инвесторлары IPO-ға шығатын Ұлттық компания акцияларына қызығушылық білдірді. «Самұрық-Қазына» Дубай қаласында Nasdaq Dubai MarketSide алаңында инвесторлармен дөңгелек үстел өткізді. Басқосуда қатысушылар назарына Қордың даму стратегиясы, жекешелендіру бағдарламасы ұсынылды. Жиынға ірі халықаралық компаниялар өкілдері мен инвесторлар қатысты. Ахметжан Есімов Жекешелендіру бағдарламасы бойынша Қор жоспарларын ұсынды. Оны жүзеге асыру аясында қор- 3 ірі компанияның акцияларын бастапқы орналастыру және 2 компанияны стратегиялық сату бойынша жұмыс жүргізуде. Өз кезегінде, Дубай Инвестиция Корпорациясының Басқарма Төрағасы Аль-Шайбани, араб инвесторларының ұсынылған жобаларға қызығушылығын атап өтті. 

М. Дюсекина