Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін «Fly Arystan» лоукостерінің билеттері сатылымға шықты

  • AstanaTV
  • 29 наурыз 2019
  • 3569

Енді Тараздан Алматыға 5000 теңгеге ұшуға болады. Бүгін «Fly Arystan» лоукостерінің билеттері сатылымға шықты.Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланды. Рейстер мамыр айынан басталады. Әзірге билеттерді Тараз-Алматы, Орал-Алматы қалалары арасында екі бағытқа сатып алуға болады. Промо-тарифтік, яғни қайтарымсыз, саны шектеулі стандарттық билеттердің құны Алматыға Жамбылдан 4999, Оралдан 12 999 теңгені құрап тұр. Бұдан бұрын Азаматтық авиация комитеті «Флай-Арыстан» Алматы, Астана, Атырау, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды-Қостанай, Тараз қалаларына ұшатынын хабарлаған. Әзірге лоукостер «Эйр-Астана»-дан төрт ұшақ алған. Ұшқыштар мен бортсеріктер де «Эйр-Астана»-ныкі. 2022-ші жылы әуе кемелері 15-ке жетеді. Сәйкесінше, рейстер саны да көбейеді деп жоспарланған. Ал билет бағасы қазіргіден екі есе арзан болатыны хабарланды. 

А. Сейфулла