Русский Сайттың толық нұсқасы

МИ-8 тікұшағының апаттық себептері айтылды

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2019
  • 5090

Қызылорда облысындағы МИ-8 әскери тікұшағы техникалық ақау кесірінен құлауы мүмкін. Метеожағдай мен адам факторы да апаттың алдын ала болжамы ретінде айтылып отыр. Бүгін Әскери әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосанов Жалағаштағы 13 адамның өмірін қиған апатқа қатысты мемлекеттік комиссияның жұмысын баяндады. Қара жәшік табылған, тексеру нәтижесі жақында шығады. Қосановтың пікірінше, тікұшақ қолайсыз ауа райынан құлады деуге онша келе қоймайды, себебі ұшуға қауіпті жағдай бұлт деңгейі жерден 200 метр болғанда басталады. Ал апат күні бұлт 400 метр биіктікте тұрған. Ұшқыш Майор Костыгевтің одан да қиын ауа райында техниканы басқара алатын қабілеті бар дейді, ол. Қолбасшы тікұшақтардың тиісті жөндеуден уақытылы өткенін де айтып отыр. 

Дәурен ҚОСАНОВ, ҚР ӘСКЕРИ-ӘУЕ КҮШТЕРІНІҢ ҚОЛБАСШЫСЫ: 

Тікұшақ 88 жылы заводтан шыққан. 2014 жылы бұл тікұшақ “капитальный ремонттан” өткен. 405-ші авиациялық заводынан шыққан, Алматы қаласындағы. Сол қалада біздің МИ-8, МИ-17, МИ-171, Ми-24 тікұшақтары - бәрі ремонттан өтеді.

Апаттан қайтыс болған әскери қызметкерлердің 9 -ы туған жерлеріне жеткізіліп, жерленді. Қалған 4-еуі бүгін медициналық сараптамадан соң туыстарына беріледі.  

А. Тіленшиев