Русский Сайттың толық нұсқасы

Жарты жыл ішінде Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істейтін 7 қазақстандық қайтыс болған - ҚР СІМ

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2019
  • 3118

Соңғы жарты жыл ішінде Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеген7 қазақстандық қайтыс болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Күнкөріс қамымен шекара асқан отандастарымыз ауыр жұмыстан өліп кеткен. Ешбірі жұмыс берушімен еңбек шартын жасаспаған, медициналық сақтандырулары да жоқ. Сондықтан мәйіттерді елге жеткізу - үлкен проблема туғызады. Ал өз еріктерімен биыл 1000 шақты азамат елге оралыпты. 

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Жастары 30 бен 40-тың арасында. Жап-жас жігіттер. Қара жұмыс істегеннен кейін үйлеріне кешке шаршап келіп, ұйқыға жатқаннан кейін, қайта тұра алмай қалған. Енді оларда медициналық сақтандыру болмағандықтан, жұмыс істеп жатқан мекемесінде келісім-шарт болмағандықтан туыстарында олардың денелерін бері қарай шығаруға ешқандай мүмкіндік жоқ болып, біраз қиналып қалды. Өйткені бір денені Оңтүстік Кореядан жеткізу үшін 6-7 мың доллар керек.

А. Сейфулла