Русский Сайттың толық нұсқасы

Көкшетауды бір түннің ішінде су басты

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2019
  • 2746

Көкшетауды бір түннің ішінде су басты. Қылшақты өзені арнасынан асып қалада 600-ге жуық нысан қызыл судың астында қалды. Шаһарда 5 тұрғын үй мен 15 аулаға су кетіп, 16 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі уақытта су тасқыны зардаптары жойылуда. Төтеншеліктер 1000 текше метр су сорып, 80 тонна инертті материалдар мен құм салынған 150 қап төседі.  

Алексей СОВЕТОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТЖД БАСТЫҒЫ: 

Қазіргі кезде су тасқынына қарсы және салдарын жою бойынша барлық коммуналдық қызметтердің арнайы техникалары мен ТЖД күш-құралдары тартылып, тəулік бойы жұмыс істеуде. Оның ішінде ТЖД жеке құрамынан 8 адам және 3 арнайы техника, жергілікті атқарушы органдардан 13 адам және 10 техника тартылған. 

Н. Біләл