Русский Сайттың толық нұсқасы

Бізге даңғазалықты доғарып, ысырапшылдықтан арылу қажет - Қ. Тоқаев

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2019
  • 3204

Бізге даңғазалықты доғарып, ысырапшылдықтан арылу қажет. Президент ретінде алғаш рет баспасөзге сұхбат берген Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Көлемді сұқбат «Айқын» газетіне шықты. Сондай-ақ, ол мемлекет басшысы өзі де аймақтарға жиі шығып, халықпен тығыз қатынаста болатынын айтты. Әкімдердің қызметін алдында да сынап алған Президент жұртпен кабинеттің немесе қызметтік көліктің терезесінен ғана араласқанды қою керек деді. 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Әкімдердің есеп беру форматының ескіргені, баяндамаларының жадағай цифрларға құрылатыны, шын мәнінде, халықты жалықтырды және жұртшылықтың сеніміне селкеу түсіреді деп ойлаймын. Байқасаңыздар, біздің кейбір шенеуніктерімізге жетпей жататыны - қарапайымдылық, адами қарым-қатынастар. «Әкім бол - халқыңа жақын бол» деп халық бекер айтпайды. Оларға осы сөз бойтұмар болуы тиіс... Шенеуніктердің бір осалдығы - халықпен қалай сөйлесу қажеттігін білмеуі.

А. Сейфулла