Русский Сайттың толық нұсқасы

Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы тұңғыш рет ағылшын тіліне аударылды

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2019
  • 6024

Ілияс Жансүгіровтың 125 жылдығына орай «Құлагер» поэмасы тұңғыш рет ағылшын тіліне аударылды. Осы шығарма арқылы шет елдік оқырман қазақтың көшпелі тұрмысын, мәдениеті мен дәстүрін тани алады. Әлемге кеңінен таралған халықаралық тілге қазақ поэмасын белгілі аудармашы ақын Белинда Кук тәржімалады. Бұл автор бұған дейін Мандельштам, Пастернак пен Цветаевалардың туындыларын аударған. Жобаға Ұлттық аударма бюросы мен Ілияс Жансүгіров қоры мұрындық болды. 

Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ, «ҰЛТТЫҚ АУДАРМА БЮРОСЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: 

Аудармашылар, өзге тілге аударып жатқан мамандар келіп, мәдениетпен етене таныспай, елмен жақындаспай, біздің реалийлерді ұстап көрмей, тексте кездескен ұғымдарды, түсініктерді, оқиғаларды, құбылыстарды осында келіп сезінбей аударманың сапасын тиісті дәрежеге шығару мүмкін емес екендігін осы жұмыстың негізінде көрдік.