Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресейге барды

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2019
  • 2804

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ресейге барды. Мәскеудің «Внуково-2» әуежайында оны Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Панкин мен министрліктің хаттама департаменті басшысы Игорь Богдашев күтіп алды. Тоқаев бүгін Мәскеуде Владимир Путинмен кездеседі. Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда екіжақты серіктестік және аумақтық, халықаралық өзекті тақырыптарды талқыламақ. Ресми сапар қорытындысы бойынша мемлекет басшылары журналистер алдында бірлескен мәлімде жасайды деп күтіледі. 

Н. Біләл