Русский Сайттың толық нұсқасы

Байқоңыр инфрақұрылымын салуға Қазақстан 314 млн доллар жұмсайды

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2019
  • 3694

Байқоңыр инфрақұрылымын салуға Қазақстан 314 млн. доллар жұмсайды. Бұл туралы Астана телеарнасының ресми сауалына жауап берген аэроғарыш комитеті хабарлады. «Бәйтерек» ұшу алаңының құрылысы 2022 жылы толығымен аяқталады. Комитет ақпаратына сүйенсек, сол жылы жаңа зымыранды ғарышқа ұшыру жоспарланған. Айта кетелік, «Бәйтерек» кешені - Ресеймен бірлескен жоба. Соңғы бес жылда бұл жоба күрделі өзгерістерге ұшырады. Жоспарға сай ресейлік конструкторлар жаңа буындағы «Союз-5» зымыранын құрастыруы тиіс. Қазір «Бәйтеректің» техникалық-экономикалық негіздемесі жетілдірілу үстінде. Оны қаржыландыру мәселесі сараптама жұмыстарынан кейін белгілі болмақ. Комитет өкілдерінің дерегінше, Ресей бұған дейін Байқоңырдан жалға алып келген 223 нысанды Қазақстанға кері қайтарған. Мұның ішінде 50 ғимарат Қызылорда облысы әкімдігіне беріліпті.

Е. Карин