Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде көпбалалы және аз қамтылған отбасылар тұратын үйлерге 8 мыңға жуық газ бен улы түтінді анықтайтын қондырғылар орнатылды

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2019
  • 3658

Елде көпбалалы және аз қамтылған отбасылар тұратын үйлерге 8 мыңға жуық газ бен улы түтінді анықтайтын қондырғылар орнатылды. Оны төтеншеліктермен бірге қарапайым еріктілер тегін орнатқан. Құны 4-6 мың теңге тұратын құрылғы бөтен иіс шықса дабыл қағады. Сөйтіп, оқыс жағдайдың алдын алды. Толығырақ Әлішер Өмірзақ тарқатады.  

Датчик улы газ пайда болғанда бұл дыбыс береді. Сол дыбыстан адам өмірін құтқарып қалуға болады. 

Бұл құрылғыны орнатуға бірнеше минут қана кетеді. Газ, түтінді сезгенде бірден дабыл қағады. Салмағы жеңіл көлемі кіші болғанымен, адам өмірін құтқарып қалуға қауһарлы. Жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардың үйіне 900-ге жуық осындай датчикті өз ақшаларына қарапайым еріктілер орнатқан. Нәтижесінде 1 отбасы аман қалды. 

Жұлдыз АРТЫҚБАЕВА, ЕРІКТІ: 

Нұр-Сұлтан қаласы мамандармен бірігіп 30 шақты ерікті жер үйлерді араладық. Үлкен трагедия болған Көкталдан бастаған болатынбыз. Бірнеше апта бойы осындай датчиктерді орнаттық. Жақында ғана төтенше жағдай қызметкерлері айтты. Біз орнатқан датчик іске қосылып, бір отбасы аман қалыпты. Біз еңбегімізді еш міндетсінбейміз, бізге маңыздысы - адам өмірі .

Елордада жыл басынан бері 183 өрт болы, салдарынан 9 адам қаза тапқан. Ал газдан уланғандар саны 35-тен асады. Сондықтан қала әкімдігі мұндай датчиктер санын келесі қысқа дейін тағы көбейтеміз деп отыр. Жалпы республика бойынша көп балалы және аз қамтылған отбасылар тұратын үйге 8 мыңға жуық датчик орнатылған. Ең көбі Атырау, Батыс Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан қаласында. Шығыс Қазақстан мен Маңғыстау облысы 10 шақтымен шектелсе, Жамбыл және Қызылорда облысы мүлде орнатпаған.

Ал, Ақтөбеліктер заң бойынша 2016 жылдан бері көгілдір отын тұтынушылар осындай датчик орнатуға міндеттелгенін айтады. Десе де, 196 мың үйдің 23 пайызы ғана құлақ асқан. Ал ерікті демеушілер аз қамтылған 144 отбасыға орнатып берді. 

Бауыржан СЫЗДЫҚОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ: 

Уландырғыш газ шыққан кезде ол өзі дабыл қағып дауыс береді. Сонда егер адам ұйықтап жатса немесе басқа бір бөлмеде жүрсе ол демек естиді. Өрт шығып, өз пешінен түтін шығып жатса соған жалма жан тез әрекет жасауына болады.

Әзірге еріктілер жарап тұр. Олар тұрғындар да өз өміріне жауапкершілікпен қараса екен деген ниетте. Тақырыптың жалғасын сенбі күні сағат 20:00-де «Біздің уақыт» апталық-сараптамалық бағдарламасынан көріңіздер.  

Ә. Өмірзақ