Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте 139 қоғамдық тамақтандыру орыны тиісті құжатсыз жұмыс істеп тұр

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2019
  • 3553

Шымкентте 139 қоғамдық тамақтандыру орыны тиісті құжатсыз жұмыс істеп тұр. Олардың тізімін қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жария етті. Мамандардың мәліметінше, тиісті талаптарды ескермей отырғандар негізінен ірі дәмханалар, мейрамхана мен тойханалар. Ол нысандарда күн сайын жүздеген адам жүрек жалғап, мейман күтіп жүр. Алайда, кәсіпкерлерді заңсыз жұмыс ойлантып отырған жоқ дейді мамандар. Олар кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған заңнамалар қолды байлап, бизнес өкілдеріне қандай да бір шара қолдану мүмкін болмай отырғанын айтады. 

Әбдіманап ТӨЛЕБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Бұл біріншіден біздің ең ойлайтынымыз - адамның денсаулығы. Ол жерден тамақтанып жатқан адам ішінде кухнясында кімдер істеп жатыр, ол БАК тасымалдаушы ма, ол сізге қандай түрде тағамды дайындап беріп жатыр, тағамның срогы бар ма, тағамның мерзімі өтіп кетпеген бе біз хабарсызбыз.

А. Төребекқызы