Қарағандылық Наталья Шубичук өзінің жасы 143-те емес, 43-те екенін дәлелдей алмай жүр. 2018 жылы жоғалтқан жеке куәлігінің орнына жаңасын алғанда, жеке сәйкестіндіру коды қате жазылып кеткен. Ұқсас жағдай - Оралдық азамат Игорь Бакалкин құжатын өзгерткенде, оны 2010 жылы қайтыс болғандар санатына қосып жіберіпті. Салықтық ақпарат жүйесіндегі олқылық кесірінен, өмір сүру құқығын қайтара алмай әлек. Себебі, заңда жеке құжат мәліметтерін редакциялауға қатысты тиісті норма жоқ. Сондықтан Депуттаттар әділет министрлігінен азаматтардың қате жазылып кеткен жеке сәйкестендіру кодын жеке өтініштер бойынша лезде өзгертіп беретін заң қабылдауды сұрап отыр. Ал қателік жіберген орган қызметкерлеріне жазаны күшейту керек дейді. Әйтпесе, ЖСН адамға бір рет өмір бойына беріледі. Оны редакциялауға Халыққа қызмет көрсету орталықтарында құқық жоқ, сондықтан қате ЖСН-мен жүргендердің өтінішін кері қайтаруға мәжбүр. Жасын, тіпті, жынысын дәлелдей алмағандар зейнетақыдан, әлеуметтік көмектен қағылады, салық төлей алмай шетелге шығудан қалады. Амалсыз басқа елден азаматтық сұрайтындар да табылады екен.
Шәкір ХАХАЗОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
1972 жылы туған Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Вадим Шоворостов 5 жыл бойы өзінің зейнткер емес екенін дәлелдей алмай жүр. Оның ЖСН нөмірінде 1952 жылы туған деп жазылып кеткен. Алматылық Надира Рыскеева халыққа қызмет көрсету орталығынан куәліктегі әкесінің атының цифрлық кодын өзгертіп беруді сұраған. Оған орган тағы бір ЖСН қосып беруден артық амал таппаған. Салық төлеушілердің жеке мәліметтеріндегі мұндай қателіктер әлі талай жемқорлық әрекеттер апарып соғады.
А. Сейфулла