«Құтты мекен» жобасын іске асыруды қатаң бақылауда ұстау қажет. «Nur Otan» партиясының хатшысы Илья Теренченко жауаптылармен өткен жиында осылай деді. Ауылдардың инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуда жемқорлыққа жол бермеуді ескертті. Өңірлерде бой көтеретін нысан құрылысын арнайы мониторингтік топ бақылайды. Партиялық жобаға жауапты инспекторлар бекітіледі. Ол нысан құрылысынан бөлек, тұрғындар ұсынысын ескеруге міндетті. Осылайша, келешегі бар ауылдарды дамыту қарқын алмақ.
Нұрлан БАЙМҰРЗАЕВ, «ҚҰТТЫ МЕКЕН» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Сыбайлас жемқорлық фактілер, құқықбұзушылықтар бақылау болмағандықтан көбісінде туады. Сондықтан, қазір партия бақылауға алған соң, осы жағынан сыбайлас жемқорлыққа, заң бұзушылыққа жол бермеуге арналған жұмыстарды өткіземіз осы объектілерді салғанда.
А. Бектас