Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жаңа әліпби - рухани жаңғыру бастауы»

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2017
  • 2204

Астанада «Жаңа әліпби - рухани жаңғыру бастауы» атты сарапшылар форумы өтті. Жиын барысында латын қарпіне көшу бойынша қоғамдық пікірлерді бағалаудың маңыздылығы мен жаңа әліпбидің ерекшеліктері талқыланды. Қатысушылардың пікірінше, қазақ тілінің латын қарпіне кезең-кезеңімен өтуі рухани жаңғыру аясындағы негізгі бастамалардың бірі болып табылады. Сонымен қатар олар қазақ тілінің латын қарпіндегі қоры жасалғаннан кейін ғаламторда латын қарпімен іздеу әлде қайда оңайырақ болатынын айтып өтті.