Русский Сайттың толық нұсқасы

Энергетика министрлігі АЭС құрылысына қатысты ел-жұртты алдын-ала даурықпауға шақырады

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2019
  • 2728

Энергетика министрлігі Атом электр стансасы құрылысына қатысты ел-жұртты алдын-ала даурықпауға шақырады. Және алаңдауға негіз жоқ деген мәлімдеме таратты. Қандай жағдайда да Қазақстан үшін неғұрлым оңтайлы және қолайлы технологиялар айқындалады дейді. Еске салсақ, кеше Владимир Путин Қазақстанда атом электр станциясын салуды ұсынды. Ресей басшысы Қасым-ЖомартТоқаевпен болған кездесуді қорытындылай келе атом электр станциясын салу жайлы сөз қозғады. 

Владимир ПУТИН, РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Біздің елдер арасында бейбіт мақсаттағы атом саласында ынтымақтастық жақсы дамып келеді. Уран өндіру және байыту бойынша 6 ресейлік-қазақстандық кәсіпорын жұмыс істейді. Өзара серіктестіктің жаңа кезеңіне көшуді ұсынамыз. Қазақстанда Ресей технологиясымен АЭС салу мүмкіндігі барын айтқым келеді.

Ал, бүгін энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев Сенат қабырғасында Алматы қаласынан үш жүз шақырым жердегі Үлкен ауылында атом электр станциясы салынуы мүмкін деді. Оның айтуынша, құрылыс бойынша нақты шешім әлі қабылданған жоқ.  

Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ: 

Бізде Атом электр станциясын соғу туралы шешім қабылданған жоқ. Мұндайда кез-келген сұрақ кезең кезеңімен қаралатыны белгілі ғой. Біз алдымен оны соғатын алаңдарды қарастырдық . Мәселен Курчатов қаласы, Алматы облысы Балқаш маңындағы Үлкен ауылы. Десе де, бүгінгі күнге дейін әлі де Атом электр станциясын салутуралы нақты шешім жоқ.

2030 жылы елде энергия тапшылығы болады деп күтіледі. Оны баламалы көздерден алу жоспарда бар. Оның ішінде Атом стансасын салу жобасы да қаралады. Депутаттар да бұл мәселенің қауіпсіздік тетіктерін толық зерттеп, халықпен келісе отырып шешім қабылдау керектігін алға тартады. 

Н. Біләл