Астанада ломбардта қарулы шабуылдан кейін бір адам кепілге алынды деген ақпарат өтірік. Бұл туралы Ішкі Істер Департаменті өкілдері мәлімдеді. Жалған ақпарат Уотсап желісі арқылы тарап кеткен.
Қазіргі уақытта полиция видео авторын іздеп жатыр. Әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратқандар заңмен қудаланады.
Софья ҚЫЛЫШБЕКОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
ҚР ҚК-ның 274 бабымен қаралады осындай әрекет және де қомақты айыппұл салынуы мүмкін ол 5000 дейін АЕК дейін айыппұл немесе 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Полиция Нұр-Сұлтанда ломбардқа белгісіз ер адам шабуыл жасап, 1 миллионға жуық қаржыны ұрлап кеткенін растады. Күдікті шамамен 25-27 жастаға жігіт. Ол қара көзілдірік пен медициналық маска киіп шабуылдаған.
Н. Біләл