Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада көлігінің нөмерін өзгертіп, айыппұлдан қашқан алаяқ ұсталды

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2019
  • 2861

Ал, Астанада көлігінің нөмерін өзгертіп, айыппұлдан қашқан алаяқ ұсталды. Ол мемлекеттік нөмерде көрсетілген «F» әрпін «E-ге» айналдырған. Салдарынан жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл Шымкент қаласындағы бөгде жүргізушінің атына түсіп отырған. Бөтен біреудің айыппұлын төлеуден шаршаған аляқтық құрбаны Ішкі істер министрінің жеке блогына арызданып, басын әрең арашалап алды. Көп ұзамай пысықай жігіт ұсталды. Енді ол 1 жыл бойына көлік басқару құқығынан айырылады немесе 50500 теңге көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.  

«F» әрібін қара лейкопластермен жабыстыру арқылы «Е» әрпіне ауыстырдым. Кінәні толық мойындаймын. Келтірілген айыппұлды толық көлемінде төлеймін. Және 338 ЕEB көлік жүргізушісінен кешірім сұраймын.  

А. Өмірзақ