Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ-қырғыз шекарасында 120 көлік Қазақстанға кіре алмай қаңтаралып тұр

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2019
  • 2896

Қазақ-қырғыз шекарасында 120 көлік Қазақстанға кіре алмай қаңтаралып тұр. Себеп: Қырғызстан арқылы келетін тауарлар құжатта дұрыс көрсетілмеген. Яғни, сәйкессіздік анықталып жатыр. Салдарынан тексеру ұзақ уақыт алуда,-дейді Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер. Ол салғырттық танытсақ, төленуі тиіс қосымша құн салығынан қағыламыз, бұдан бюждетке түсім кемиді деді. Айта кетсек, соңғы 1 аптаның ішінде елімізге қырғыз тауарлары тиілген 720 көлік кірді. Оның жартысынан көбі ел аумағы арқылы Ресейге өткен.  

Қуат РАХЫМОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒА ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: 

27 наурыздан бастап шекарадағы бақылау шараларын күшейттік. 27 наурыздан 4 сәуірге дейін 1080-ге жуық автокөлік өткізілген еді. Алайда, 114 көлік бірден кері бұрылып, қадағалау жұмыстарын жүргізуге қарсы екендіктерін білдірді. Міне, олар осы әрекеттерімен жүк пен тауар бойынша мүлде сәйкессіздік барын мойындап отыр. 

А. Өмірзақ