Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңа Зеландияда мешітке қарулы шабуыл жасаған террорист психиатрға емделуге жіберілетін болды

  • AstanaTV
  • 05 сәуір 2019
  • 3763

Жаңа Зеландияда мешітке қарулы шабуыл жасаған террорист психиатрға емделуге жіберілетін болды. 50 адамды жазым еткен қандықол арнайы сараптамадан өтеді. Екі тәуелсіз сарапшы оның ақыл- есінің дұрыстығын тест арқылы тексермек. Бұл іс бойынша кезекті сот отырысы 14-ші маусымға жоспарланған. Ал қаза тапқандардың туыстары тест жасауға мүлдем қарсы. Олар Брентон Таррант ақыл- есі кем деген желеумен жауапкершіліктен құтылып кете ме, - деп қауіптенеді. 

Йама НАБИ, АТЫСТА ҚАЗА ТАПҚАН НАУДА НАБИ ҚАЖЫНЫҢ ҰЛЫ: 

Өздеріңіз қарап көріңіздерші, бұл тым ұзақ процесс. Оның бәріне қатысқым келмейді. Қандықол сотталсын, одан басқа ештеңе керек жоқ.

Еске салсақ, наурыз айының ортасында Крайстчерч қаласында екі бірдей мешітте адамдар оққа ұшты. 50 адам қаза тауып, 50 адам жарақаттанған. Жаңа Зеландия премьері Джасинда Ардерн болған жайтты терект деп атады. Мұсылмандарды қырып салған 29 жастағы австралиялық Брентон Таррант кісі өлімі үшін айыпталды. Бұдан кейін Жаңа Зеландияда атыс қаруларын сатып алу ережелері күшейтілген. 

А. Қуаш