Русский Сайттың толық нұсқасы

Өлтірілген журналистің балаларына миллиондаған доллар өтемақы берілген

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2019
  • 3117

Былтыр қазан айында өлтірілген журналист Жамал Хашоггидің балалары сауд билігінен миллиондаған доллар алған, жалпы 70 млн долларға жетуі мүмкін, деп хабарлады CNN ақпарат көзіне сілтеме жасап. Ақпаратпен бөліскен адамның сөзінше, келісім бойынша Сауд Арабиясының билігі Хашоггидің балаларына ақша береді, есесіне олар әкесінің өліміне король отбасын айыпты демеулері керек. Журналистің 4 баласының (2 ұл, 2 қызының) әрқайсысы құны 4 млн доллардай болатын бір-бір үйден алған. Мысалы банкте істейтін үлкен ұлы өзі тұратын Джеддеден зәулім үй алған. Сонымен бірге оларға бірден 267 мың доллардан берілген. Ал айына 10 мыңнан 15 мың долларға дейін төленеді. Ай сайынғы төлем әзірге шектелмеген. Телекомпанияның хабарлауынша, мұның бәрін король Салманның өзі бекіткен. Сонымен бірге өлтірілген журналистің отбасы қосымша 26,7 млн-нан 53,6 млн долларға дейін өтемақы алуы мүмкін. Кінәлілерді өлім жазасына кесу туралы талаптан бас тартса...  

Жамал Хашогги 2017 жылы Сауд Арабиясынан кетіп, АҚШ-қа барған. The Washington Post басылымына жазып тұрған. Тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салманның саясатын сынаған. Былтыр қазан айының басында Ыстамбұлдағы сауд консулдығына кіргеннен жоғалып кеткен еді. Кейін өлтірілгені анықталды. Сауд Арабиясында оны өлтірді деген айыппен арнайы қызметтің 11 қызметкерін соттап жатыр. Бесеуіне өлім жазасы сұралған.