Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысындағы Қалқұтан өзені тасып, тас жол жабылды

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2019
  • 5411

Ақмола облысындағы Қалқұтан өзені тасып, тас жол жабылды. Осы күндері бұл өзеннен 76 млн текше метр су ағып өткен. Мұны бүгін Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді. Ал ескі Қалқұтан аулында 20 үй қызыл су астында қалды. Судың деңгейі 15 см. Қазір құтқарушылар ауыл іргесін қаппен қоршап жатыр. Бұл жұмыстарға 17 адам мен 7 техника жұмылдырылған. Айта кетейік, Ескі Қалқұтан аулында 240 үй, 615 тұрғын бар. 

Владимир БЕККЕР, ҚР ІІМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Тас жолдағы су деңгейі 20-30 см. Қалқұтан өзенінің бойында үш ауыл бар. Оның бірі Ягодный. Онда жағдай қазір тұрақты. Су ағысының жылдамдығы сағатына 5-8 км. Жақын арада су деңгейі төмендейді деп ойлаймыз. Ал ертең тас жол ашылып қалар. 

Д. Қайыртай