Русский Сайттың толық нұсқасы

Аймақтарда ХҚКО-да партия өкілдері, прокуратура қызметкерлері мен заңгерлер халықты қабылдап жатыр

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2019
  • 2718

Алматыда прокурорлар, заңгерлер, әкімдік қызметкерлері және «Nur Otan» партиясының өкілдерінен бір жерде кеңес алуға мүмкіндік туды. Қаладағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде «Заңгер кеңес береді» атты республикалық акция жұмысын бастады. Оның мақсаты-тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес көрсету және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Түрлі органның мамандарынан бір жерде қызмет алу азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік берді. Ұйымдаструшылар бұл бір реттк шара болып қалмайтынына сендіреді. 

Элмира ОМАРОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: 

Басты мұратымыз- құқықтық тұрғыдан көмекке зәру тұрғындарға бір жерден көмек қолын созу. Ондай адамдар тиісті органдардың табалдырығын тоздырып жүреді. Бұл осымен ғана шектелмейді. Мұны тәжіибеге енгізіп, барлық аудандарды жұмылдыратын боламыз.

Ал, Өскеменде полиция қызметкерлері «Nur Otan» партиясымен бірігіп көше бойында азаматтарды қабылдады. «Жолда қабылдау» акциясы жол полициясының жұмысына қатысты, көліктің салығы, айыппұлдар мен соңғы кезде жүріп жатқан реформаларға орай сұрақтарға арналды. Бұл қаланың тұрғындарын мектеп жанындағы жол қауіпсіздігі алаңдататыны белгілі болды. Одан тыс шаһарда соңғы жылдары жолдағы кептеліс мәселесі тұрғындарды мазалайды, дейді қалалық полиция департаментінің мамандары. Дегенмен партия өкілдері азаматтардың көтерген мәселелері шешімін тапқанша ат салысатындары айтты.  

Жансая ҚАНЫБЕКОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ МЕҢГЕРУШІСІ:  

Сонымен қоса кейбір сұрақтың кейін шешімін табатын оны қарайтын сұрақтар болса біз «Nur Otan» партиясы ол сұрақты торлық шешілгенше өз қарамағымызға алап, сұрақтың соңына дейін жетуіне ықпал жасаймыз.

Р. Асқарбекұлы