Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ауыл» партиясы президенттік сайлауға қатысу-қатыспау туралы әлі шешім қабылдаған жоқ

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2019
  • 4452

Ал, «Ауыл» партиясы президенттік сайлауға қатысу-қатыспау туралы әлі шешім қабылдаған жоқ. Партия төрағасы Әли Бектаев ол жайында тек сәуір айының соңында белгілі болатынын айтты. Дегенмен, 300 мыңға жуық мүшесі бар «Ауыл» партиясы сайлауға қатысу арқылы халыққа бір қадам жақындай түсетінін де жасырмады. Ал Президенттің мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешімі демократияның нағыз үлгісі,- дейді.  

Әли БЕКТАЕВ, «АУЫЛ» ХАЛЫҚТЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Халықтың арасында заңды сайлау өтіп, халықтың президентке дауыс беруін қамтамасыз ету мақсатында президент осындай шешімге келіп отыр. Бұл өте орынды шешім деп есептейміз. Біздің ойымызша дәл қазіргі уақытта президенттің кезектен тыс сайлауын өткізе отырып халықтың тікелей сайлауының арқасында президентті сайлау - демократияның Қазақстанға тиесілі екенідігін көрсету үшін халықаралық деңгейде өте маңызды шешім болды деп есептейміз.  

А. Өмірзақ