Сұлулық пен әсемдік көрінісі. Қызылордада бал билерінен халықаралық турнир өтті. Еуразия кубогы үшін Қазақстан, Белорусь, Оңтүстік Корея мен Ресей, Украина, Өзбекстан секілді бірқатар елдің өкілдері бәсекеге түсті.
4-тен 26 жас аралығындағы мың бұралған бишілердің жалпы саны 6 жүзге жуықтайды. Олар 8 жүз рет ел адына шығып, өнерлерін көрсетті. Барлығы жоғарғы деңгейдегі өнерпаздар. Жалт-жұлт еткен киімдерімен қоса әдемі қимылдарымен де ерекше. Ча-ча-ча, испан және латын америка билері халықаралық би алаңын қыздырса, нәзік венеция вальсі көрермендерді романтикаға бөледі. Әділ қазылар алқасы турнир соңында 51 жеңімпазды анықтады. «Соло» айналымы бойынша алтынды ең жас қызылордалық жұп ұтты.
Алтынай ҚОНЫСБЕК, ТУРНИР ҚАТЫСУШЫСЫ, ҚЫЗЫЛОРДА:
Бимен айналысып жатқаныма бір жыл болды. Үш би: самба, ча-ча-ча, медленный вальс. Бұл билер маған іс-әркеттерімен өте қызықты.
Игорь КИМ, ҚР ҰЛТТЫҚ БИ КЕҢЕСІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Біздің құраманың кәсіби деңгейі жоғары. Оларға халықаралық шеберлермен бәсекеге түсуге мүмкіндік беріп отырмыз. Қазір дәл осы халықаралық үлгілерге сұраныс көп. Біз бүгінде тренддеміз деуге болады.
А. Қуаш